Отбасылы ер адам қыздың қыр соңынан қалмай мазалаған
Бойжеткен бұрын кездескен жігітінің отбасылы екенін біліп қойып, онымен қарым-қатынасын үзген, алайда ер адам соңынан қалмай, сыйлық жасап, гүл сыйлаған.
11:01 12.01.2021
Екібастұз полицейі бойжеткенге ерекше көмек көрсетті – ол отбасылы ер адамды қыздың мазасын алмауға көндірді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бойжеткен Екібастұз қаласының полициясына хабарласып, танысымен қарым-қатынасын реттеуге көмек сұраған. Айтуынша, ер адамның отбасылы екенін білгеннен кейін онымен кездесуден бас тартқан. Алайда ер адам сонда да соңынан қалмай, сыйлық жасап, гүл сыйлап, тәуліктің кез келген уақытында хабарласқан. Сол үшін отбасын тастап кеткенін айтқан.
"Қыз мұндай әрекетті ізіне түсу деп қабылдап, полициядан көмек сұрады", - деді облыстық полиция департаменті штаб-басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Мұратхожин.
Учаскелік инспектор 37 жастағы Екібастұздық азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қыздың басқа адаммен кездесіп жүргенін және онымен байланысты жалғастырғысы келмейтіндігін түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!