{metadescription}
Досаев қазақстандықтардың кредиті туралы айтты

Досаев қазақстандықтардың кредиті туралы айтты

Досаевтың айтуынша, экономикаға кредиттер жыл басынан бері қарашаның соңында 14,65 триллион теңгеге дейін артты.

2020 жылдың қаңтарынан бері қазақстандықтардың кредиті 10,5%-ке, 7,36 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

"2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 триллион теңгеге дейін, 10,5%-ке ұлғайды. Оның ішінде тұтынушылық қарыз 3,2%-ке, 4,3 триллион теңгеге дейін, ипотекалық қарыздар 27,8%-ке, 2,3 триллион теңгеге дейін өсті", – деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, экономикаға кредиттер 2020 жылдың басынан бері қарашаның соңында 5,6%-ке, 14,65 триллион теңгеге дейін артты. Ал қысқа мерзімді кредиттер 3,0%-ке, 2,1 триллион теңгеге дейін өсті.

Депозиттер

Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылдың басынан бері 15,3%-ке ұлғайып, 21,9 триллион теңгені құрады. Депозиттер, негізінен теңгедегі салымдардың өсуі есебінен артқан. Ұлттық валютадағы салымдар 23,1%-ке, 13,3 триллион теңгеге дейін, валюталық салымдар 5,1%-ке, 8,6 триллион теңгеге дейін өсті. Соның нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылдың қарашасында 39,3%-ке дейін төмендеді.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде