Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды
Ерлан Бөтембаев көкшетаулық футбол клубын 2018 жылдың ақпанынан бері басқарды, бұған дейін басқа спорт ұйымдарында қызмет еткен.
12:11 12.01.2021
Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасында өмірден өтті. Ерлан Бөтембаев көкшетаулық футбол клубын 2018 жылдың ақпанынан бері басқарды. Бұған дейін бірқатар басқа спорт ұйымында еңбек еткен. Ол еркін күрестен спорт шебері, жауынгерлік джиу-джитсудан қара белбеу "сенсей" бірінші дан иегері еді.
"Оқжетпісті" Ерлан Бөтембаев басқарған жылдары клуб Бірінші лигадан ҚПЛ-ға оралды. Ал 2019 жылы елдің футбол чемпионаты дивизионында 7-орын алды. Бұл көкшетаулық клуб үшін тарихтағы үздік нәтиже еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!