{metadescription}
ЖОО студенттері университетке барып оқиды: Министрлік түсіндірді

ЖОО студенттері университетке барып оқиды: Министрлік түсіндірді

ҚР білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов екінші семестрде жоғарғы оқу орнының студенттері қалай оқитыны туралы айтып берді.

"Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ЖОО-ның бірінші курс студенттері дәстүрлі форматта оқитын болады. Екінші, үшінші, төртінші курс студенттері онлайн форматта оқуларын жалғастырады. Қазіргі таңда 140 мыңға жуық бірінші курс студенті бар", - дейді Дәуленов. 

Вице-министрдің сөзінше, ЖОО-лар пандемия жағдайында студенттерді қабылдауға дайын екенін айтты. Барлық санитарлық талаптар сақталатын болады. 

"ЖОО-лар осы формат бойынша студент қабылдауға дайын. Аудиториялар 40 пайызға ғана толы болады. Бір студентке бес шаршы метр жер қарастырылады. Жатақханалар да студенттерді қабылдайтын болады. ЖОО-лар дайындық жұмыстарын бір ай бұрын бастаған болатын", - дейді вице-министр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде