Алматы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысы жарияланды
Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды.
15:40 12.01.2021
Саяси партиялардың Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсынуы екі ай бұрын басталып, сайлау күніне бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталған. Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан 118 кандидатты тіркепті.
Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 68,11% «Nur Otan» партиясына дауыс берді, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,11% дауысқа ие болды, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы сайлаушылардың 7,68% дауысын алды, Қазақстан халық партиясы - 7,31% және «Адал» саяси партиясы - 6,79% дауыс алды.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес дауыс беру қорытындылары бойынша саяси партиялар арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.
Осылайша төрт партия мүшесі мәслихат депутаты болады:
- Nur Otan – 29 мандат,
- Ақ жол – 4 мандат,
- Қазақстан халық партиясы – 3 мандат,
- Ауыл – 3 мандат,
- Адал партиясы 7% дауыс жинамағандықтан, мәслихаттан орын иеленбейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!