Шахтада жарылыс болып, кеншілер үйінді астында қалды
Төтенше оқиға Шаньдун провинциясында болды.
16:41 12.01.2021
Құтқарушылар шахтаның жұмысшыларымен байланыс орнатуға тырысып жатыр, деп хабарлады Global Times газеті. Қытайдың шығысында орналасқан алтын өндіретін шахтасында жарылыс болды, нәтижесінде 22 кенші жер астында қалып қойған.
Жергілікті биліктің айтуынша, шахтада болған жұмысшылармен байланыс орнату әлі мүмкін болмай отыр. Еске салайық, желтоқсан айының басында Қытайда 18 адам көмір шахтасындағы апаттан қайтыс болды. Адамдар көмірқышқыл газынан уланған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!