Қазақстанда 2000-жылдардағы аяз қайталанды
Қазгидрометтің мәліметінше, биылғы қыстың аязы 2000 жылдардағы суықты қайталады.
19:49 12.01.2021
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа температурасы қалыпты жағдайдан төмен болған.
"Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7° төмен болды, суықтың ошағы Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8-10° дейін болды, тек елдің солтүстігі мен шығысындағы жекелеген аудандарда ауа температурасы климаттық норма шамасында болды. Дәл осындай суық ауа райы, аномалиясы 10-12° дейін 2002 және 2012 жылдың желтоқсанында байқалды", - дейді синоптиктер.
Синоптиктер 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жауын-шашын аз болғанын да атап өтті.
"Республиканың барлық аумағында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық көрсеткіштен аз болды. 1984 және 2011 жылдары осылай болған", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.
Ал Нұр-Сұлтандағы айдың ең суық күні 2020 жылдың 21 желтоқсаны болды. Ең төменгі температура -27 градус. Алайда бұл рекорд емес. Елорда тарихындағы ең аязды күн 1929 жылдың 12 желтоқсанында тіркелген. Ол кезде түнде термометр -43,5 градус аязды көрсеткен.
Нұр-Сұлтандағы желтоқсанда болған ең жылы күн - 11-і. Айта кетейік, жылу рекорды 2008 жылдың 7 желтоқсанында тіркелген. Бұған дейін қарашада Қазақстанда ауа райы рекордтық суық болғаны хабарланған. Әсіресе оңтүстік өңірлер: мұнда әдеттегіден айтарлықтай ерекше температура тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!