{metadescription}
Нұр-Сұлтанда жаңа карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда жаңа карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда қосымша карантиндік шектеулер қабылдануы мүмкін.

Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Қаңтардың бірінші онкүндігінде елорда "сары" және "қызыл" аймақтардың ортасында болды. Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавируспен ауыратын науқастар саны артып келеді.

"Қазір қала "сары аймақта" орналасқанына қарамастан сырқаттанушылық санының өсуі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамауына байланысты.

Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Өзін, туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет", - деді елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова науқастар саны өсуі жалғасқан жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданатынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде