Тұрғын үйде болған өрттен 8 адам қаза болды
Ресейдің Екатеринбург қаласында тұрғын үйде болған өрттен сегіз адам қаза болды.
18:25 12.01.2021
Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды өңірдің Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы.
«12 қаңтарда құқық қорғау органдарына Екатеринбург қаласындағы Рассветная көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Қолда бар ақпарат бойынша өрт салдарынан 8 адам мерт болды, оның ішінде 1 бала бар», - делінген ведомство мәліметінде.
Кұтқарушылар үйден 90 адамды, оның ішінде тоғыз баланы эвакуациялаған. 1 және 2-дәрежелі күйік алған 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды Қайтыс болған бала – 2013 жылы туған қыз.
«Барлығы 90 адам (оның тоғызы- бала) эвакуацияланды. Олардың 52-сі тыныс алу аппараты маскаларының көмегімен құтқарылды. Аяз боландықтан эвакуацияланған тұрғындар өрт сөндіру көліктеріне орналастырылды», - делінген ақпаратта.
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған.
«Өрт сөндірушілер өрттің пәтерден тыс таралуына жол бермеді. Мәскеу уақытымен сағат 01:50-де өрттің таралуы тоқтатылып, сағат 02: 06-да толығымен сөндірілді. Оған тоғыз арнайы техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды, онда Свердлов облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының бастығы, ішкі қызмет генерал-майоры Виктор Теряев бар», - деп атап өтті ведомствода.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!