{metadescription}
Қырғызстандағы тау шаңғысы базасында 12 жастағы қазақстандық қаза тапты

Қырғызстандағы тау шаңғысы базасында 12 жастағы қазақстандық қаза тапты

Қырғызстандағы Қаракөл қаласындағы тау шаңғысы курортының бірінде 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Ыстық Көл облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі. 

"Бүгін, 12 қаңтарда, сағат 15:00 шамасында полицияға тау шаңғысы базасынан 12 жастағы бала трассалардың бірінен түсіп бара жатқанда шыршаға соғылғаны туралы хабарлама түсті. Бала алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, милиционерлер барлық материалды жинап жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Жасөспірімнің денесі Ыстықкөл облысының ауруханасына жеткізілді. Сол жерде сот-медициналық сараптама жасалады.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.