{metadescription}
COVID-19-бен алты ай ауырған науқастан коронавирустың 18 мутациясы анықталды

COVID-19-бен алты ай ауырған науқастан коронавирустың 18 мутациясы анықталды

Иммунитеті төмен ресейлік әйел алты ай бойы COVID-19 ауруымен ауырды, нәтижесінде оның денесінде коронавирустың 18 жаңа мутациясы дамыды. 

Бұл туралы ресейлік ғалымдардың virological.org сайтында жарияланған материалында жазылған. 47 жастағы қатерлі лимфомамен ауыратын науқас коронавирусты 2020 жылдың сәуірінде ауруханада химиотерапия курсынан өткен кезде жұқтырған. 9 қыркүйекке дейін одан алынған сынақтар инфекцияға оң нәтиже көрсеткен.

Көктемде және жаздың соңында пациенттен алынған жағындыларға салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Геномды талдау кезінде көптеген жаңа мутациялар анықталды,  олардың екеуі Даниядағы күзендерден табылған вируспен бірдей болды. Жұмыстың авторлары бұл "күзен" штамдарының бірі бұрын антиденелері бар плазмамен емделген иммунитеті төмен басқа науқаста табылғанын айтты.

СФУ геномика және биоинформатика кафедрасының профессоры, Геттинген университетінің (Германия) профессоры Константин Крутовский вирустың неғұрлым жұқпалы британдық нұсқасы (VOC-202012/01) бастапқыда иммуносупрессивті науқастың денесінде пайда болғанын айтты.

Дереккөз: Stan.kz                                                               

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде