{metadescription}
Қалың қар жауады: Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қалың қар жауады: Қазақстанның сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-сұлтан мен Қазақстанның жеті облысында боран мен тұман салдарынан ескерту жарияланды.

Сондай-ақ, ауа-райының нашарлауына байланысты еліміздің алты өңіріндегі трассаларда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі алдағы күндері сегіз өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады. 

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, қар, тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар", - делінген ведомство хабарламасында.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.

"Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал.

Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, синоптиктердің болжамынша, Алматыда 13 қаңтарға қараған түні қар жауады деп күтілуде.

"Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін ескертеміз", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Көлікпен жүру өте қажет болса, онда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға, жол-көлік апатын болдырмауға шақырамыз. Бұған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтанның барлық жолдары жабылғаны хабарланды.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде