{metadescription}
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтауға шақырды.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ауа райының нашарлағанын ескертіп, жолдардың жабылғаны туралы хабарламаларға назар аударуды сұрады. "Қазгидрометтің" мәліметінше, 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райы нашарлайды.

"ІІМ аталған өңірлердің тұрғындарын ұзақ сапардан аулақ болуға шақырады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтау керектігін ескертеді", - деп жазды Polisia.kz.

Екі күннің ішінде (10-11 қаңтар) ел жолдарында 35 жол апаты тіркеліп, жеті адам қаза тапты, 50 адам түрлі жарақат алды. Полиция 30-дан астам көлікті қар құрсауынан шығарды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде