{metadescription}
Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде

Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Елімізде күн жылынады. Синоптиктердің айтуынша, Жерорта теңізі циклонының әсерінен ауа температурасы көтеріледі. Алайда кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді. 

14-15 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде