Жол ақысына ақшасы жетпеген: автобус жүргізушісі қыздың бас киімін тартып алды
Тергеу органдары автобус жүргізушісі кәмелетке толмаған жолаушыны тонады деген күдікке ілінгенін хабарлады.
11:04 19.01.2021
Билетке ақшасы жетпеген 14 жасар қыздың бас киімін алып қойған автобус жүргізушісі ұсталды. Оқиға Ресейдің Хабаровск қаласында болды. Қыз қақаған аязда аялдамадан үйіне дейін бас киімсіз барған. Бағдардағы автобустың жүргізушісі ұсталды.
"Тергеу мәліметіне сәйкес, Хабаровскіде бағдар бойымен келе жатқан рейстік автобустың жүргізушісі билетке ақшасы жетпеген 14 жастағы жолаушының тоқылған бас киімін тартып алған. Тергеу органдары қылмыс жайлы интернет пен әлеуметтік желілерді шолу кезінде білді. Бұл оқиға туралы жазба үлкен қоғамдық резонанс тудырды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Істі тергеу аясында қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау қажет екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!