Қуат Хамитов партия құратынын мәлімдеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитов ресми түрде партия құратынын жариялады.
09:39 29.01.2021
"Мен партия ашатынымды ресми түрде жариялаймын!
Мұны дәл қазір істегім келмеген, бірақ мемлекетім мені тез әрекет етуіме итермеледі. Бұл партия бәріне кім кінәлі және біреу бірдеңе істеп жатыр деп айту үшін құрылмайды, партия халықтың дауысын есту үшін құрылады. Мемлекетіміздің басты мәселесі - халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені бізде еркіндік бар ғой.
Менің есігім бәріне ашық! Менің партиямға кез-келген адам қосыла алады", - деп жазды Instagram-да спортшы.
Еске салайық, кеше ғана Алматыда спортшыға қатысты сот талқылауы аяқталды. "Биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыруға, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақыру" бабы бойынша сотталған Қуат Хамитов кінәлі деп танылып, алты айға бас бостандығы шектелді.
Спортшы былтыр қыркүйек айында Қуат Хамитов тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушыларды соққыға жығуды сұрады.Осы мәлімдемесінен кейін спортшының басы дауға қалды. Тіпті, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!