{metadescription}
Қазақстанда ана өлімінің күрт өсуінің себебі аталды

Қазақстанда ана өлімінің күрт өсуінің себебі аталды

Қазақстанда ана өлімінің күрт өсуі жаз мезгілінде COVID-19 ауруының көбеюімен байланысты.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. Ғиният Ақтөбе облысында ана өлімін азайту жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Ол бұған дейін 2020 жылы ана өлімінің 2,8 есе өскенін мәлімдеген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне түсініктеме берді. Былтыр Қазақстанда 156 ана көз жұмды.

"Ана өлімінің күрт өсуі 2020 жылдың жазғы кезеңдерінде тіркелді және COVID-19 коронавирусының жоғарылауымен байланысты. Осы кезеңге барлық өлім санының 66 пайызы тиесілі. COVID-19 пандемиясының салдарынан денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс ауыртпалық түсті, ең алдымен әйелдерге көрсетілетін медициналық көмек әлсіреді. бұл елімізде ана аурулары мен өлім санының өсуіне әкелді", - деп түсіндірді Ғиният.

Оның айтуынша, 2020 жылы бала туу саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 298-ге артқан. 24 739-ға көп бала дүниеге келді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүкті әйелдердің саны 21 147-ге өсті.

"Мемлекет басшысы үкіметке облыстардың әкімдерімен бірге барлық денсаулық сақтау ұйымдарын түгендеуді, акушерлік және реанимациялық қызметке баса назар аударуды, оларды медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және өнімдермен жабдықтау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды", - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ кездесуде жүкті әйелдердегі ауыр аурулар мен өлім жағдайларының проблемалары мен оларды шешу жолдары қаралды. Өңірлерге жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде