Коронавирус: Вакциналауға қатысты қаулы шықты
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысымен ел тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша қаулы бекітілді.
16:17 29.01.2021
Бірінші кезекте коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары санатқа кіретін адамдарға вакцинация салынады:
- медицина қызметкерлері, инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек, жансақтау және терепия бөлімшелері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денспулық сақтау ұйымдары, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлім қызметкерлер құрамы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері;
- педагогтер;
- учаскелік полиция қызметкерлері;
- студенттер;
- медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті;
- төтенше жағдай қызметтерінің Қорғаныс, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері;
- ҚР Президенті Іс басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық, консульдық мекемелердің қызметкері саналатын ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;
Созылмалы аурулары бар (қант диабеті, созылмалы обструктивті өкпе ауру, жүрек қан тамыры жүйесі) азаматтар.
Тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға, КВИ-дің өткір және симптомсыз түрімен ауырғандарға вакцина салынбайды.
Коронавируспен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарға тек карантин мерзімі өткеннен кейін ғана екпе салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!