{metadescription}
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты шектеу шаралары туралы брифинг өткізді.

Оның айтуынша, Алматыда вирусжұқтыру көрсеткіші азайып келеді.

«Алматы қаласының қызыл аймаққа кіруіне байланысты жаңа шектеулер қабылданды. Аурудың апталық көрсеткіші 54,2 болып тұр. Қалыпты жағдайда 100 мың адамға 50 жағдай болады. Яғни индекс бойынша аурушаңдық 1-ден асып тұр. Өткен тәулікте 53 жағдай тіркелді. Осылайша коронавирус ауруының азайғаны байқалып отыр», - деді Бекшин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде