Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кеткен
Павлодарда қонақүйлердің бірінде 33 жастағы ер адам төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.
18:17 29.01.2021
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі оқыс оқиға 28 қаңтарда кешке болған деп хабарлады. Зардап шеккен азаматты лифт шахтасынан шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімшесінде жатыр.
«Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде», - дейді ведомство өкілдері.
«Сарыарқа» қонақ үйі әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!