Алматыда демалыс күндері автобус жүреді
Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеулерге байланысты демалыс күндері қоғамдық көліктің жүруіне байланысты түсінік берді.
18:42 29.01.2021
«Бұл жолы қоғамдық көліктің жүрісіне қатысты ешқандай шектеу жоқ. Қоғамдық көлік демалыс күндері қатынайтын болады», - деді ол.
Айта кетейік, Алматы қаласы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын. Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!