Коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 30 қаңтардағы ақпаратты жриялады.
09:43 30.01.2021
30 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 403 адам короновирус инфекциясынан (15 787 КВИ+ және 11 616 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 265 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
30 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
«28 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 787, 566 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35 605 жетті», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!