Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді.
11:45 30.01.2021
Онда ол Голландия боксшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) кездесті. Жеңімпазға бірден үш аймақтық чемпион белдігі - WBA Continental, NABF және WBC Francophone берілуі тиіс болды. Олардың жекпе-жегі Мексиканың Куэрнавака қаласында өтті.
Жекпе-жек барлық он раундқа созылды. Tөрешілердің бірауыз шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белдікті иеленіп, он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо осымен төртінші рет жеңілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!