{metadescription}
Еуроодақ коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны мақұлдады

Еуроодақ коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны мақұлдады

Бүгін Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі (ЕМА) AstraZeneca фармакологиялық компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға кеңес берді.

AstraZenecа – бұл енді Еуроодақта қолдануға рұқсат етілген үшінші вакцина («Pfizer/BioNTech» және «Moderna» вакциналарынан кейін). Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі әзірге 55 жастан асқан адамдар тобы үшін қорғаныс деңгейін анықтайтын зерттеу қорытындылары жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

«Басқа вакциналар туралы білгеніміз бен сынаудың ағымдағы қорытындыларына негізделіп, осы мақсатты топтан да қорғаныс күтіп отырмыз. Оның қауіпсіз екені туралы расталған ақпарат бар. Біздің мамандарымыз вакцинаны қарт адамдарға да егуге болады деп санайды», - деп хабарлады ЕМА өкілі.

Қосымша ақпарат жасы одан да үлкен адамдардың қатысуымен өтетін ағымдағы зерттеулер барысында келеді.

«Үшінші оң қорытындыны ала отырып, біз ЕО-ға мүше мемлекеттер үшін қолжетімді вакциналар арсеналын одан да көп кеңейттік», - деді ЕМА-ның атқарушы директоры Эмер Кук.

AstraZeneca вакцинасы адам ағзасына 4-тен 12 аптаға дейінгі уақытша кезеңде екі инъекциямен енгізіледі. Бұл медициналық препарат Ұлыбританияда қолданылып жүр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде