{metadescription}
Қызылордада пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды

Қызылордада пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл стансасының пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды.

Қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған. 39 жастағы ер адам тіркеу кезінде екі вагонның ортасында қысылып қалған.

«Ол вагондарды тіркеу барысында екі вагонның ортасында қысылып, оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Сексенбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде