Қазақстанда Ресей және Түркиямен тұрақты рейстер көбейді
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей және Түркиямен тұрақты рейстерді ұлғайту жөнінде айтып берді.
20:16 30.01.2021
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья - Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылған соң, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалады», - деп хабарланды комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!