Анасы мен қызы демалыс кезінде өлімге әкелетін ауру жұқтырды
Перм қаласының тұрғыны Наталья Пашина мен екі жасар қызы Занзибарда демалып жатып, африкалық трипаносомозбен ауырып қалды.
11:38 31.01.2021
Отбасы Занзибарға 2020 жылдың қараша айында демалуға барған. Демалыстан келгеннен кейін, жаңа жылдық демалыстардың уақытында қыздың температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Дәрігерлер баланы және анасында трепаносомалардың тропикалық паразиті - цеце шыбыны шаққанын анықтайды.
Қазіргі уақытта қыз жергілікті ауруханада жатыр. Пашинаның айтуынша, қыздың денесіндегі уды "тамшылар арқылы" шығарып жатыр. Жақын арада қызды Мәскеуге емделуге жіберу жоспарланып отыр. Адамның африкалық трипаносомозы - кең таралған тропикалық ауру. Емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Бұл Африка континентінде кездесетін цеце шыбыны шаққаннан кейін пайда болатын ауру.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!