{metadescription}

Наурыз мейрамы Қазақстанда 10 күн тойланбақ

Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізілетіні хабарланып отыр.

Қазақстанда Наурыз 10 күн тойлануы мүмкін. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы пайда болды.

Құжатқа сәйкес, 14 наурыз – "Көрісу күні"
15 наурыз – "Жайлау күні"
16 наурыз – "Шежіре күні"
17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні"
18 наурыз – "Игі істер күні" 
19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні" 
20 наурыз – "Зияткерлік күні"
21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні"
22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні"
23 наурыз – "Жоралғы күні".

"Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі (10 күн)", - деп жазылған құжатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде