{metadescription}
Қарағандыда «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы шығарылды

Қарағандыда «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы шығарылды

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның өңірлерге жеткізілуін тексерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық фармацевтикалық кешенде вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі қысқа мерзімде жолға қойылды. Бүгін Қазақстанның барлық өңіріне «Гам-КОВИД-Гак» вакцинасының 90 мың дозасы жөнелтіледі.

«2021 жылы наурызда 150 мың дозасын өндіру жоспарланып отыр, ал сәуір айынан бастап 600 мың дозаға дейін жеткізіледі. Осылайша, халықты жоспарлы түрде COVID-19-ға қарсы вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеміз.

«СҚ-Фармация» ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 миллион астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 миллион дозаға дейін арттыру жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде