{metadescription}
Екібастұзда ер адамды атып кетті

Екібастұзда ер адамды атып кетті

Екібастұзда ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 23 ақпанда сағат 8:00-ден 8:10-ға дейін Екібастұздағы Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз қарудан ер адам оқ атқан. Жараланған ер адам оқиға болған жерде қаза тапты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасауда күдікті тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздеу шаралары өткізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция оқиғаға қатысты қандай да бір ақпаратты білетін азаматтардан 102 телефонына хабарласуды сұрайды. Жеке ақпараттың сақталатынына кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде