{metadescription}
Елімізде полиция құжатсыз жүрген көлік жүргізушілерін тоқтата алады

Елімізде полиция құжатсыз жүрген көлік жүргізушілерін тоқтата алады

Полиция қызметкерлері өзімен бірге жеке куәлігі жоқ жүргізушілерді тоқтатады.

13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға көлік жүргізу кезінде жүргізуші куәліктері мен тіркеу куәліктерін алып жүрмеуге рұқсат етілді. Бірақ олардың жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралын құжатсыз басқарғаны үшін жүргізушіге ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік жүктеледі (егер көрсетілген құқық бұзушылық бірінші рет жасалған болса) немесе 5 АЕК айыппұл салынады. Сонымен қатар, егер жүргізушінінің жеке басын анықтау мүмкін болмаса, жүргізуші жеке деректерін дұрыс бермеген жағдайда немесе оларды мүлдем бермеген жағдайда полиция қызметкерлері әкімшілік қамауға алып, көлік құралын автотұраққа жеткізеді.

Сонымен бірге, ҚР Әкімшілік кодексінің 785-бабында құқық бұзушының жеке басын анықтау үшін қамауға алуға болатындығы көрсетілген. 789-бапта айтылғандай, үш сағаттан артық емес уақытқа қамайды. Сонымен, 797-бапта полиция жүргізушілері құжатсыз рөлге отырған көліктерді ұстауға және айыппұл тұрағына жіберуге құқылы екені айтылған.

Еске салайық, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қарап, қабылдады. Бұл құжат парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заңға көлік жүргізген кезде жүргізуші куәлігін және көліктің тіркеу құжаттарын өзіңмен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін нормалар енгізілді.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде