Ақтөбеде 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, ВИЧ жұқтырған азамат сотталды
Ақтөбе соты осы іс бойынша үкім шығарды.
10:05 24.02.2021
Кәмелетке толмаған адаммен байланысы үшін 41 жастағы азамат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның үстіне, ер адам он бес жастағы қызға АИТВ (ВИЧ- ред.) жұқтырды. Тергеу барысында қылмыскер өз ауруы туралы білсе де, екі жыл қатарынан жас жәбірленушімен жақын қарым-қатынаста болғанын анықтады.
Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық процесс барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.
"Сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 118-бабының үшінші бөлігінде, 122-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған төтенше қауіпсіз қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Жұлдыз Сайманова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!