{metadescription}
Президент жерді сатуға қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты

Президент жерді сатуға қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты

Мемлекет басшысы бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды. Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды екенін атап өткен мемлекет басшысы жер – мемлекеттігіміздің берік негізі әрі қасиетті символы екенін атап өтті.

"Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан, мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты", – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Ол мұны президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет екенін айтты. Президент әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек.

Сонымен қатар, Тоқаев бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырды. Ол комиссия құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдері мен жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосу керек, деп санайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, үкіметке биыл тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәміле арқылы түбегейлі байлам жасауды жүктеді. Президенттің айтуынша, комиссия жұмысының әрбір кезеңі мен онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру қажет.

"Басты міндеттің бірі – комиссия жұмысы мен шешім қабылдауының мейлінше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін. Бұл шешімдер, ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың жұмыс сапасын арттыруға арналған. Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды", – деді Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде