{metadescription}
Қазақстанда аудан әкімдерін сайлау қашан жүргізілетіні айтылды

Қазақстанда аудан әкімдерін сайлау қашан жүргізілетіні айтылды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдерін сайлау қашан басталатынын айтты.

"Мен былтырғы жолдауымда үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады. Ал екінші жартыжылдықта мәселені кейінге ысырмай, тиісті заң жобасын дайындауға кірісу керек", - деді Тоқаев.

Айтуынша, аудан әкімдерін – сайлау елімізді демократияландыруға жасалған нақты қадам.

"Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін", - деді мемлекет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде