{metadescription}
Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды

Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

«2021 жылдың 25 ақпанында сағат 7:46-да Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт орын алғандығы туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі тұрғын үйде жалпы ауданы 80 шаршы метр өрт шарпыған. Өрт сағат 10.16-да оқшауланды, сағат 11.00-де толығымен сөндірілген. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылы туған Ақсу қаласы № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлаған», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, ол Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Сонымен қатар 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков ауруханаға жеткізіліп, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарды. Павлодар қаласының тумасы, үйленген», - деп мәлімдеді ведомстводан.

ҚР ТЖ министрлігінің ұжымы өрт сөндірушінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде