{metadescription}
Дәрігер сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Дәрігер сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Ресейлік дәрігер диетолог, гастроэнтеролог Алина Будаковская сағыз шайнау жайлы кең таралған пікірлерге қатысты ойын білдірді.

Маманның сөзінше, сағызды ауыздан шыққан жағымсыз иісті басу үшін қолданбаған жөн.

"Сағыз шайнап, иісті жоямыз деп ойлағанда қатты қателесеміз, дәрігерге қаралудың орнына жағымсыз иістен құтылғымыз келеді. Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы - аса мән беруді талап ететін аурудың белгісі. Соның ішінде, стоматит, парадонтоз, асқазанның хеликобактериялық инфекциясы (асқазан жарасына әкеледі) сияқты аурулар болуы әбден мүмкін", - дейді дәрігер.

Маман сағыз жұту жайлы да пікірін айтып өтті. Айтуынша, мұның ешқандай қауіпі жоқ.

"Жұмсақ сағыз асқазан ішек жолдарында қорытылмайды, сондықтан ағзадан өздігінен шығып кетеді", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, Будаковская сағызды 10 минуттан артық шайнауға болмайтынын айтты. Оның салдарынан тістің пломбасы түсіп қалады, ішек жолдарының созылмалы аурулары асқынуы мүмкін. Дәрігердің айтуынша, сағыз шайнауға жауап беретін бұлшықеттерге ауыртпалық әкелуі мүмкін, бұл беттің симметриясының бұзылуына әкеледі. Одан бөлек, бұл асимметрия мен қысым бас ауруын тудыруы мүмкін. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде