Елімізде 40 градус аяз болады
"Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, 26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады.
20:15 25.02.2021
Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын болады.
26 ақпанға қараған түні кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Таразда екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 26-28 ақпанда кей жерлерде тұман болады деп болжанды.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде кей жерлерде 35-38 градус қатты аяз болады. Қарағандыда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Түнде Жезқазғанда 35 градусқа дейін қатты аяз болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 40 градус қатты аяз күтіледі. Ақмола облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, батыс, оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Түркістан облысында тұман түсіп, қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда қарлы боран соғады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге жетеді. Атырау облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!