Ақтауда ауруханада жарылыс болды
Маңғыстау облысында полицейлер ауруханадан шыққан өртті сөндіруге және ғимараттағы науқастарды шығаруға көмектескен.
10:03 08.03.2021
"Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары - Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген", - делінген ресми хабарламада.
Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шекпеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!