{metadescription}
Қару-жарақ қоймасы жарылып, кемі 20 адам қаза тапты

Қару-жарақ қоймасы жарылып, кемі 20 адам қаза тапты

Экваторлық Гвинеяда ірі порттық қала Батада әскери база жарылды, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақат алды.

Көптеген ғимараттар толығымен қираған, қалғандарының шатырына зақым келген. Ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

«Жексенбі күні кешке елдегі қорғаныс министрлігі қару-жарақ қоймасындағы өрттің ірі калибрлі оқ-дәрілердің жарылуына әкеп соққанын мәлімдеді. Эпицентрде әскери казармалар болған. Ал сыртқы істер министрі президенттің келісімімен көрші елдерден көмек сұрады. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, бұл жарылыстар барлық ауруханалардың коронавирус науқастарына толы кезінде болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды жаралыларға қан тапсыруға, ал медицина қызметкерлерін аймақтық ауруханадағы әріптестерін зардап шеккендерді күтіп-баптауға көмектесуге шақырды», - деп жазды Euronews.

Экваторлық Гвинея президенті болған оқиғаға әскерилерді айыптады. Республика басшысының айтуынша, олардың немқұрайлығы мен салғырттығы адамдардың өліміне әкеп соқты. Қайғылы оқиғаға оқ-дәрілерді, динамитті және басқа жарылғыш заттарды сақтауға жауапты бөлімшенің қызметкерлері айыпталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде