{metadescription}
Коронавируспен ауырғандарда жаңа дерт пайда болуы мүмкін

Коронавируспен ауырғандарда жаңа дерт пайда болуы мүмкін

Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет.

Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін. Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады. Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.

Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған. Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.

Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде