{metadescription}
Қостанайда полицей адам өлтіргені үшін ұсталды

Қостанайда полицей адам өлтіргені үшін ұсталды

Қостанайда полиция қызметкері мылтықпен адам өлтірді деген күдікке ілінді.

Қостанайда екі ер адам арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды. Қылмыс түнде сағат үштер шамасында Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде болған.

«Қостанай облысының полиция департаменті 99-баптың 1-бөлігімен («Кісі өлтіру») 37 жастағы екі ер адамның арасындағы қақтығыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның біреуі тіркелген мылтықтан оқ атқан. Алынған жарақаттан ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп түсіндірді ведомство.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалына жауап ретінде полиция бөлімінің баспасөз қызметі күдіктінің полиция қызметкері екенін растады.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ПД ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тергеу бастады», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде