{metadescription}
Алматыда 700-ге жуық әйел шеруге шықты

Алматыда 700-ге жуық әйел шеруге шықты

Жергілікті билік әйелдер шеруін өткізуге алғаш рет рұқсат беріп отыр.

Бұған дейін "Feminita" феминистік тобы әлеуметтік желідегі парақшасында әкімдіктің әйелдер маршына рұқсат бергені жайында хабарлаған болатын. Осы топтан бөлек акция ұйымдастырушыларының қатарында "КазФем", "ФемСреда", "SVET" қоры мен FemAgora да бар. Шеруге қатысушылар әйелдер құқығын қорғау үшін көшеге шыққанын айтып отыр. Ал негізгі талаптары - тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту, бірдей еңбекақы енгізу, "әйелдерге тән емес" кейбір мамандықтарға жол ашу.

Акцияға шыққандар Ганди атындағы саябақта кездесті. Ол жерге, шамамен, 700-дей адам келді. Бұл феминистік қозғалыстың Алматыда ресми түрде рұқсат берілген ең ірі маршы болып саналады. Оған қатысушылар Шевченко көшесімен Жароковтан бастап Қонаевқа дейін плакат ұстап, жүріп өтті. Бүгінгі маршқа байланысты Шевченко көшесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды. Қатысушылардың алдында полиция көлігі жүрді. Жедел жәрдем де болды.

"Біз әйелдер митингін 2017 жылдан бері өткізуге тырыстық. Бүгін мақсатымызға жеттік", - дейді ұйымдастырушылар.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.