Қазақстанда 2021 жылы электр энергиясының бағасы қымбаттайды
Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады.
11:04 09.03.2021
2021 жылдан бастап тарифтерді көтеру ұсынылды. Бұрын тарифтер 2020 жылдан 2025 жылға дейін бірдей болатын. Ұсынылған кестеге сәйкес тарифтерді келесідей көтеру ұсынылады:
"Электр энергиясының өзгерген шекті тарифтерін енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады", - делінген бұйрық жобасында.
Түсіндірілгендей, энергия өндіруші ұйымдар шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:
- - жаңартылатын энергия көздеріне жыл сайын өсіп отыратын сыйлықақы;
- - валюта бағамының өзгеруіне байланысты импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың өсуі (қазандық пен турбина, айдау, күл жинау жабдықтары және т.б.);
- - "Богатырь Көмір" ЖШС көмірдің өзіндік құнын көтеруі;
- - газ тасымалдау бағасының өсуі.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!