{metadescription}
Қар жауып, жел соғады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын ұсынды

Қар жауып, жел соғады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидрометтің синоптиктері Қазақстанға 9, 10 және 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймақтарынан қозғалатын циклон республиканың басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі. 10 наурызда оңтүстікте қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Бейсенбіде батыс аймақтарға Солтүстік-Батыс антициклонның салқын ауа массаларының келіп, температураның төмендейді.

Сонымен қатар, метеорологтер 9 наурызға арналған дауыл туралы ескерту жариялады.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр болатын ел соғады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Көкшетауда жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін соғады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 9 наурызда көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде