{metadescription}
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жүргізуші көз жұмды

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан жүргізуші көз жұмды

Алматы облысында көлік апатынан 41 жастағы жүргізуші мерт болды.

Апаттың кадрлары Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ресми мәліметке сәйкес оқиға бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында Талғар-Ақбұлақ тасжолында болған. Алдын ала болжам бойынша «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі «Паз 3206» автокөлігіне жол бермеген. Салдарынан көліктер соқтығысқан. Оқиға орнында «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі мерт болды.

«1980 жылы туған ер адам қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Автокөліктерде жолаушылар болмаған», - делінген хабарламада.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде