{metadescription}
Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады

Eліміздегі тұрғын үй бағасы ақпан айында өсті.

Ақпан айында қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 3,1%-ке – бір шаршы метріне 252,3 мың теңгеге дейін, ал жаңа үйлердің бағасы 1,2%-ке, 323 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық статистика бюросы. Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда қолданыстағы тұрғын үй 20%-ке қымбаттады. Жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8%-ке көтерілді.

Абаттандырылған тұрғын үйлерді сатып алу бағалары 20,3%-ға көтерілсе, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,7%-ға артқан. Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ке артты, өткен жылдың ақпанына қарағанда өсім – 11,3 %. Аренда орта есеппен бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады.

2021 жылдың ақпанында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі соңғы бес айда Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы 5%-ке өскенін хабарлаған еді. Ал қолданыстағы үйлер бірден 12,5%-ке қымбаттаған.

Бюро ақпаратынша, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2021 жылдың ақпанында 4,2%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы 2020 жылы 13,2%-ға өссе, биылғы жылдың ақпанында 8,2%-ға көтерілген. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өскен.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде