{metadescription}
Қазақстандық паракаратистер Ресейден 2 алтын жеңіп алды

Қазақстандық паракаратистер Ресейден 2 алтын жеңіп алды

Қазақстандық жас паракаратистер Ресейден 2 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

«Ресейдің Мәскеу облысына қарасты Долгопрудный қаласында каратэ мен паракаратэден 11-ші Бүкілресейлік ашық ойындар аяқталды, оған арнайы шақыру бойынша Қазақстаннан жас параспортшылар да қатысты. Біздің каратэшілердің өнер көрсетуі ең табысты болды. Өйткені жасөспірімдер үйлеріне екі алтын және үш қола медаль әкелді», - делінген «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры таратқан ақпаратта.

Жарысқа Қазақстанның атынан 5 спортшы қатысты - Мейіржан Адияров, Диас Қадыр, Ілияс Жақсыбек, Айбек Тұрсынақын және Сұлтан Сағатбек. Балаларда тірек-қимыл аппараты бұзылған. Олардың барлығы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоры іске асырып жатқан «Саламатты болашақ» жобасы аясында бейімделген спорт секцияларына барады.

Мейіржан мен Диас алты, Сұлтан мен Ілияс қола медальға ие болды. Айбек Тұрсынақын ТҚАЗ (тірек-қимыл аппараты зақымданған) Спорттық жекпе-жек федерациясының президенті Сергей Семайкиннен жеке медаль алды.

«Мен жарыстарға достарыммен және сенсеймен бардым. Каратэмен 4 жылдан бері айналысып келемін. Бұрын мен жарыстарға қатыстым, бірақ тек Қазақстанда. Сондықтан осы жолы қатты уайымдадым. Жарыс алдында біз күн сайын жаттығып жүрдік. Менің барлық достарым жүлделі орындарға ие болғысы келді. Мейіржан екеуміз алтын жеңіп алғанымызға өте қуаныштымын. Басқа достарым үшін де өте қуаныштымын - олар қола медаль алды», - дейді Диас Қадыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде