Әйел фитнес-білезіктің көмегімен сүйіктісінің опасыздық жасағанын біліп қойды
Британдық тележүргізуші сүйіктісінің фитнес-білезігі арқылы оның опасыздық жасағанын біліп қойды.
21:00 09.03.2021
Британдық Надя Эссекс сүйіктісінің опасыздық жасағаны туралы әңгімені "Тиктокта" бөлісті. Әйел жігіт екеуі синхронды фитнес-білезіктерін таққанын айтты. Осылайша олар бір-бірінің денсаулық көрсеткіштерін, сондай-ақ калория мөлшерін көре алды. Әйелдің айтуынша, жігіті кештен оралғаннан кейін, оған таңғы ас дайындап бергісі келген.
Алайда, фитнес білезігіндегі ақпаратты қарап шыққаннан кейін, ол түнгі сағат екі-үш арасында жігіттің 500-ден астам калорияныжұмсағанын көрген. Тележүргізуші жігіттен түсініктеме талап еткен, содан кейін жігіттің опасыздық жасағаны белгілі болған.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!