«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар керек
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екендігі белгілі болды.
11:00 10.03.2021
Достар, Алматы Жастары бағдарламасына қатысу үшін, заем алушының/заемшыластың төлем қабілеттілігін тексеру үшін құжаттар дайындау қажет.
1. Банктен төлем қабілеттілігін тексеруге жолдама
2. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат
3. Неке қию/некені бұзу туралы куәлік /сот шешімі/ қайтыс болу туралы куәлік
4. Балаларының туу туралы куәлігі
5. Барлық міндетті төлемдерді көрсете отырып (қажет болған жағдайда), жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 ай үшін).
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталатындығы туралы хабарланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!