{metadescription}
Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Полицейлер елордада қар жауып, көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Нұр-Сұлтан полициясы ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.

"Қар жауып, көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерден жолда өте мұқият болуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 80 жол апаты тіркелді, бір адам жарақат алды.

"Жүргізушілер қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға тиіс, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтап, кілт тоқтаудан аулақ болуы керек", - деп түсіндірді полиция.

Полиция жаяу жүргіншілерден тек рұқсат етілген жерден өтуді сұрайды.  

"Жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты барынша азайтуға және жалпы білім беретін мекемелердің жанында өте сақ болуға шақырамыз", - деп түйіндеді полиция қызметкерлері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде